Мектепке дейінгі және бастауыш оқыту кафедрасы – Біздің түлектер және жұмысқа орналасуы

Мектепке дейінгі және бастауыш оқыту кафедрасы


Кафедра тарихы
Оқу және ғылыми қызметі
Материалдық-техникалық база
Жетістіктер
Біздің түлектер және жұмысқа орналасуы


Біздің түлектер және жұмысқа орналасуы

Кафедра түлектері бүгінгі таңда республикамыздың түрлі өңірлерінде және Ақтөбе  облысы аймағында абыройлы еңбек етуде. Олардың ішінде Н.П.Албытова, Ж.А.Жүсіпова,   Б.К.Альмурзаева,  Ж.Ж.Қартбаева  есімді түлектер ғылым кандидаты, доцент ғылыми дәреже атақтарына ие. Педагогика және психология магистрлері Кубиева В.А, Ж.Оразова, А.Рыстыгулова, А.Сугуралиева, А.Рысбаева, Г.Баймаханова, А.А.Сағиева, А.А.Мейірханова, Ш.Рән университетімізде қызмет атқаруда.

Кафедрамыздың білім беру бағдарламаларының  бітіруші түлектері  «Дипломмен ауылға» атты акцияға үн қосып, Байғанин, Мәртөк , Әйтеке би, Шалқар аудандарында еңбек етуде.

Жусупова Ж.А. п.ғ.к

Картбаева Ж.Ж. п.ғ.к

Альмурзаева Б. п.ғ.к

Кубиева В.А магистр

Оразова Ж. магистр

Сугуралиева А. магистр

Рыстыгулова А. магистр

Рысбаева А. магистр

Баймаханова Г. магистр

Сағиева А.А. магистр оқытушы

Әбіл А.С аға оқытушы, магистр

Мейірханова А.А. магистр

Білім беру бағдарламаларының студенттері – студенттік кәсіподақ мүшелері, Жастар ісі жөніндегі комитет, «ХипоТан» халықтық демократиялық партиясының жастар қанаты, «Жас Отан» қоғамдық бірлестігі, облыстық мұғалімдердің қоғамдық бірлестігі, сонымен қатар «Шебер», «Жастар» студенттік құрылыс командаларына белсенді қатысады.

Біздің түлектердің басым бөлігі  «Дипломмен ауылға» жобасына қатысып, Байғанин, Мәртөк, Әйтеке би  сынды   облыс, аудан көлемінде жұмысқа орналасады. Бірқатар студенттер магистратура, докторантура деңгейінде өз білімдерін жалғастыру мүмкіндіктеріне ие.

Сондай-ақ, 5В012300- «Әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану»  мамандығы бойынша   Т.Карсканова және Төремұратова Ж.А.  Ресей ЖОО-ның магистратурасына түссе, А.Құлжан магистратураны  тәмамдады. Ал  5В010200- «Бастауышта оқытудың педагогикасы мен әдістемесі» мамандығының түлегі  Жәнібекова Нұржайна, Сейтжанова Нұржайнар, Жұмабай Аида Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетіне магистратураға түсті.

Елеусинова Бұлбұл Ораққызы – Ақтөбе облысы ішкі саясат басқармасының жетекшісі. Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетін бітірген. Еңбек жолын 1995 жылы қыркүйекте Ақтөбе қаласындағы №12 орта мектепте мұғалімі  қызметінен  бастаған. 2004 жылдың тамызынан Ақтөбе облысы  Хобда ауданы әкімі аппаратының әлеуметтік және мәдени даму бөлімінің бас маманы қызметін атқарды, кейін Хобда ауданы әкімінің орынбасары болып тағайындалды.2016 жылдың қарашасынан Ақтөбе облысы Қазақстан халқы Ассамблеясы секретариатының меңгерушісі.

Абылхатова Майрагүл Түгелбайқызы – Бастауыш сынып жетекшісі, № 9 орта мектеп-гимназиясы директорының оқу-тәрбие жұмыстары  жөніндегі орынбасары. Жоғары категориялы мұғалім. Педагогикалық еңбек өтілі – 28 жыл.

«Жыл мұғалімі -92» конкурсына  қатысып, VI дәрежелі  диплом иегері атанды. 1988 жылы «Жыл мұғалімі»  конкурсына қатысып, жеңімпаз атанып 1 орын иеленді. ҚР білім беру саласы қызметкерлерінің 1-съезінің делегаты және қала әкімі премиясының лауреаты.

2016-2017 оқу жылынан облыстың ғылыми-практикалық орталық жанындағы қала мұғалімдерінің кәсіби жетілу-жаңару кепілі атты жүйелік бірлестігінің жетекшісі болып табылады.

Михайлова Татьяна Васильевна – Ақтөбе қаласындағы № 9 орта мектеп-гимназиясының бастауыш сынып мұғалімі. Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетінің «Бастауышта  оқытудың  педагогикасы және  әдістемесі» мамандығын 1996 жылы бітірген. Еңбек жолын  Ақтөбе қаласындағы №15 орта мектепте бастаған. 2002 жылдан осы уақытқа  дейін № 9 орта мектеп-гимназиясында бастауыш сынып мұғалімі болып еңбек етіпп келеді.

2008-2016 жылдары директордың ғылыми-әдістемелік жұмыстар жөніндегі орынбасары болып еңбек етті. Облыс әкімінің  2009-2011 жылдары «Озат мұғалім» грантының иегері атанды. 2013 жылы «ҚР білім беру ісінің үздік қызметкері» төсбелгісімен марапатталды.

2018 жылдан облыстық бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған критериалдық бағалау бойынша шеберлік класының жетекшісі болып табылады.

Ахметкалиева Айгуль Уразаевна – Теректі ауданы, Шағатай ауылы, Ы.Алтынсарин атындағы ЖОББМ-нің директоры.

2011 жылы Облыстық білім жүйесіндегі педагогикалық шеберлігі , шығармашылық ізденісі және өскелең ұрпақты тәрбиелеудегі табыстары үшін- 2016 жылы Облыстық білім жүйесіндегі педагогикалық шеберлігі, шығармашылық ізденісі және өскелең ұрпақты тәрбиелеудегі табыстары үшін- Құрмет грамотасымен марапатталған.

Сейлханова Шынар Амангосовна – 1992 жылы Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе педагогоика институтының «Бастауыш білімнің  педагогикасы мен методикасы»  бөлімін бітірді.

2016 жылдың 5-қазанынан  бастап Заречный мектеп-бала бақшасында мектеп директоры болып жұмыс атқарып келеді.

Осы қызметті атқару барысында төмендегідей жетістіктерге жеткен;

  • Темір аудандық әкімінен елеулі еңбегі үшін «Құрмет грамота»;
  • «Облыстық үздік класс жетекшісі» деп танылғаны үшін облыс әкімінің гранты;
  •  электрондық ортада бастауыш класс мұғалімдеріне арналған әдістемелік құралдары жарық көрген.

Қайып Ақбота Баймұратқызы – М.Құрманғалиева атындағы №32 мектеп-гимназиясы. Менталды арифметикадан инструктор, Халықаралық менталды арифметика мектебі (ISMA),  Бастауыш сынып оқушыларына репетитор, «Өзін-өзі тану» пәнінің мұғалімі (класс жетекші, класс жетекшілер әдіст. бірлестігінің жетекшісі). Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университеті «Әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану» мамандығын бітірген. «Өзін-өзі тану» пәнінің үздік мұғалімі – 2018» облыстық байқауында білім саласын жандандыру жолындағы жаңашылдығын көрсеткені үшін «Шығармашыл ұстаз» номинациясы, Ақтөбе қаласы, 2018 жыл.

Жарылғасова Жаңылсын Майланқызы – 1992 жылы «Үздік белгімен»  Қ.Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе педагогика институтынының  бастауыш сынып мұғалімі мамандығын аяқтады. «Біліктілігі жоғары деңгейдегі жоғары санатты маман» біліктілік санаты

Білім және ғылым министрлігінің  «Алғыс хатымен» және Ақтөбе облыстық Білім басқармасының «Құрмет грамотасының» иегері.

Жаңартылған білім мазмұнындағы 3,6,8-сынып оқулықтарын талдау  мен оқу бағдарламаларымен таныстыру қазақ тілі презентациясы өткізілді.

2017ж. Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университтеті тіл мамандарының «Оқулық – жаңа тұрпатты жаңғыруда ұлттық кодты сақтау көзі»атты облыстық форум сертификат №3 «А.Байтұрсыновтан бастау алған Әліппе» баяндамасы оқылды.

Ақтөбе облыстық ғылыми-тәжірибелік орталығы «Бастауыш сынып оқушыларының тіл сабақтарында шығармашылық іс-әрекетін дамыту» тақырыбындағы облыстық семинар-практикум. «Бастауыш сынып оқушыларының сөйлеу тілін дамыту жолдары» атты тақырыбында өз тәжірибесімен алмасты.

Жалпы білім беретін мектептерге арналған жаңартылған білім бойынша «Қазақ тілі» оқулығы (3-сынып) – Алматы, 2018 ж. жарық көрді.

Құспанқызы Лира-Ақтөбе қаласы Ж.Тәшенов атындағы 68 ЖББОМ өзін-өзі тану  мұғалімі. Санаты-пеадогог-модератор. “Білікті педагог” байқауының 3 орын иегері, “Өзін-өзі тану-ізгілік шуағы” педагогтар байқауынан Алғыс хат алған, “Қайырымдылық қадірлі іс” байқауының 3 орын иегері

Төлегенова Күнсәуле Нұртайқызы-Ақтөбе қаласы, №24 лингвистикалық мектеп-гимназиясының әлеуметтік педагог маманы. Санаты педагог-модератор. Жас педагогтар сайысына қатысып, “Заманауи жас маман-2021″атағына ие болған,”Жалындай бер жас маман Респбуликалық байқауына қатысып құрмет грамотасы және сертификат”, ІІІ Республикалық “Үздік педагог олимпиадасы-2021” педагогикалық олимпиадасының 3 орын иегері.

 


Кафедра тарихы
Оқу және ғылыми қызметі
Материалдық-техникалық база
Жетістіктер
Біздің түлектер және жұмысқа орналасуы